27 қаң, 2018 сағат 12:40

Әлемдегі ең дінге берік халық анықталды

Британиялық Telegraph басылымы сауалнама жүргізу арқылы әлем елдерінің діни картасын сызып, ең дінге берік халықты анықтады, деп хабарлайды Islam.kz сайтына сілтеме жасаған "Ұлт ақпарат".

Аталмыш карта 2008, 2009 және 2015 жылдары бірнеше рет жүргізілген сауалнамалардың нәтижесіне қарай сызылған. Сауалнамаға қатысқандарға «Өзіңізді діндармын деп есептейсіз бе?» деген бір ғана сауал қойылады.

Белгілі болғандай, ең діндар елдер Африка мен Таяу Шығыста болып шықты. Одан кейін Оңтүстік-шығыс Азия мен Латын Америка елдері де қалыспаған. Мұсылмандармен қатар христиандар тұратын Эфиопия бұл тізімде көш бастап тұр.

Аталған елде сауалнамаға қатысқандардың 99 пайызы өзін діндарлардың қатарына жатқызған. Сондай-ақ, Малаби, Нигер, Шри-Ланки және Йемен екінші орыннан көрінген. Сомалидегі діндарлар қарасы — 98%, Ауғанстанда — 97%.

Ал еуропалықтардың дені өздерін атеист санаған. Тек Польша ғана діндарлығы бойынша кәрі құрлықта алдыңғы орыннан көрінген. Ел тұрғындарының 86 пайызы өзін діндар санайды. Италияда бұл көрсеткіш - 74%, Грекияда - 71%. Жапонияда - 13%. Эстония - 16%, Швеция (19%), Норвегия (21%) және Чехия (23%).

Ал Қытайға келсек, миллиардтаған тұрғындардың 7 пайызы ғана өзін діндар санаған. Ал Ресей Федерациясында 70%, АҚШ - 56%.