Фото: Adebiportal.kz
Астанада алғаш рет Орталық Азияда IFLA Әлемдік кітапхана және ақпарат конгресі өтті. «Білімді біріктіріп, болашақты құрамыз» тақырыбымен өткен ірі шараға 114 елден 1700-ден астам делегат қатысты, деп хабарлайды Ult.kz.
Конгресс аясында ұлттық кітапханалардың басшылары, халықаралық ұйымдар мен академиялық орта өкілдері жиналды. АҚШ, Қытай, Корея Республикасы және Германия ең үлкен делегациялар қатарында болды.
Көрмеге 29 халықаралық компания қатысып, олардың ішінде ISSN орталығы, Америкалық кітапхана қауымдастығы, Мұхаммед бин Рашид әл-Мактум қоры, сондай-ақ Taylor & Francis пен Springer-Verlag сияқты алпауыт баспалар бар.
IFLA президенті Вики Макдональд:
«Бұл Конгресс – Қазақстан кітапханаларының жаһандық кәсіби желіге қосылуына үлкен мүмкіндік», – деді.
Конгресс төрт күнге созылып, жасанды интеллект, үлкен деректер, цифрлық кітапханалар, инклюзия және тұрақты даму тақырыптарын қамтыған 86 сессия өтті.
Астана әлемдік кітапхана саласының басты алаңына айналды.
