24 қар, 2025 сағат 12:38

Әлем бойынша киік популяциясының 98 пайызы Қазақстанда

Фото: ашық дереккөз

Экология және табиғи ресурстар министрінің мәліметінше, соңғы 20 жылда популяция қалпына келтіріліп, өсім қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Самарқандта өткен Орталық Азия елдерінің экология министрлерінің кездесуінде киік санын реттеу және олардың маусымдық қоныс аударуын үйлестіру мақсатында көршілес мемлекеттермен меморандум жасалды.

Бүгінде бөкен саны шамамен 5 млн басқа жетті. 2003 жылы бұл көрсеткіш 21 мыңға дейін төмендеген болатын.