19 ақп, 2019 сағат 10:57

Алексей Цой жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Ал, бұған дейін оның ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Айта кетсек, Цой Алексей Владимирович 1977 жылы 2 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген.

Sels College (Лондон), Қазақ мемлекеттік медицина академиясының асперантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес  институтын, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының  корпоративтік басқару жоғары мектебін және Халықаралық бизнес академиясын бітірген.

Қалпына келтіру  хирургиясы  және трансплантология орталығының хирург-эндоскописті, ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК  Ішкі медицина орталығының жетекші ғылыми қызметкері, «Еуразия респираторлық қоғамы» ҚБ Бас хатшысы, ҚР Президенті Іс басқармасының  «Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» РМК директоры, «ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығы» ММ бастығы, Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  вице-министрі қызметтерін атқарды. Стэндфорд университетінде (АҚШ), Сингапурда, Мәскеуде, Германияда, Ұлыбританияда және т.б. тағылымдамадан өткен. PHD, DBA.

2017 жылғы 17 ақпаннан бастап  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі  болып тағайындалған болатын.