20 сәу, 2022 сағат 12:22

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы


Синоптиктер 21, 22 және 23 сәуірге арналған ауа-райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, 22 сәуірден бастап, елдің солтүстік жартысына суық солтүстік-батыс антициклоны келе бастайды. Ол өзімен бірге таза арктикалық ауаны ала келеді.

"Солайша, жаңбырдың қарға айналуы және ауа температурасының төмендеуі болжанады: түнде 3-8 градус аязға дейін, елдің батысы мен шығысында қатты жаңбыр, шығыста жауын қарға айналады. Бірақ оңтүстік өңірлерде қалыпты ауа райы сақталады. Бұның себебі - оңтүстік ауа массалары. Бұл аймақтарда найзағай болып, қысқа мерзімге жаңбыр жауса да, жоғары температура фоны сақталады", - делінген хабарламада.