11 қар, 2020 сағат 07:51

Алдағы үш күнде қар жауып, бұрқасын болады

Қазгидромет 12-14 қарашадаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүкіл кезеңде Қазақстанның басым бөлігі Солтүстік циклонның ықпалында болады. Оның бұлтты алқаптары қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын әкеледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік өңірлерде бұрқасынның пайда болуына әкелетін екпінді жел күтіледі», - делінген хабарламада.