#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Алдағы үш күнде қар жауып, боран соғады

  • 13.01.2020
  • 0
  • 418

Синоптиктер 14-16 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейдің арктикалық жиегі арқылы циклондар бірінен кейін бірі ығысып, Атлант мұхитынан жылы және ылғалды ауа ала келеді. Осы циклондардың әсерінен атмосфералық фронттар Қазақстан арқылы жылжып, қар жауады, бұрқасын көтеріледі. Батыстан күшті жел соғады.

Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарында күн бұлтты, жауын-шашынды болады. Солтүстік облыстарда - бұрқасын, оңтүстікте – тұман және көктайғақ сақталады.

Ауа массаларының батысқа ауысуы әсерінен Қазақстанның солтүстік жартысында - ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен жоғары, оңтүстік жартысында - нормаға жақын болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар