Қазгидромет синоптиктері 17-19 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысына солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Сондықтан аяз, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде термометр бағандары 20-28 градус аязға дейін жетеді.
"Елдің оңтүстік жартысына оңтүстік циклон мен соған байланысты атмосфералық фронт әсер етеді. Жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, жел күшейеді. Көктайғақ болып, ауа температурасы күндіз 0-10 градус жылы ауа температурасына дейін, түнде 0-10 аязға дейін төмендейді. Республикада тұман түседі", - делінген хабарламада.