12 сәу, 2019 сағат 13:17

Алдағы үш күнде ауа райы бұзылады

Синоптиктер алдағы 13-15 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республикамыздың солтүстігіне бір аптаға жуық жауын-шашынсыз және жылы ауа райын ала келген антициклон әлсірейді. Оның орнына Орал аймағынан суық арктикалық фронттар келеді. Соған байланысты жауын-шашын, жылбысқы қар жауып, ауа температурасы төмендейді.

Демалыс күндері оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда қысқа уақыт жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі. Бірақ дүйсенбі күні бұл аймақтарда да өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Екпінді жел соғады.