18 қар, 2019 сағат 14:11

Синоптиктер Қазақстанда 33°С аяз болатынын ескертті

Синоптиктер 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Солтүстік мұзды мұхиттағы Кар теңізінің арктикалық ауа массаларында антициклон қалыптасып, оңтүстік-батыс бағытында жылжып, 21 қарашада Ресейдің Еуропалық территориясының орталығына жетеді. Антициклонның шығыс перифериясы бойынша Қазақстанға батыс сібір арқылы арктикалық теңізден өте суық ауа массасы келіп, республиканың басым аймақтарында айтарлықтай күн суытады» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының -28…-33° аязға дейін төмендеуі болжанады, сондай-ақ кей жерлерде қар, бұрқасын, қатты жел болуы ықтимал. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде қар, көктайғақ, тұман болжанады. Бұл жерлерде сондай-ақ, түнде - 7…15°С-қа дейін, оңтүстікте минус -3…8°С-қа дейін суытады.