18 ақп, 2019 сағат 14:57

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бір циклонның ықпалы аяқталмай жатып, Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аумақтарынан екінші циклон жылжып келеді. Ол республиканың басым бөлігінде алдағы үш тәуліктегі ауа райын қалыптастыратын болады. Сондықтан Қазақстан өңірлерінің денінде қар, бұрқасын, екпінді жел, оңтүстік және оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр, қою тұман және көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы төмендейді», - делінген синоптиктердің ақпаратында.