Қазгидромет Қазақстандағы 17-19 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктер алдағы үш күнде Қара теңіз аймағынан қозғалатын циклон елдегі ауа райына әсер ететінін атап өтті.
"Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. 18-19 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 19 мамырда солтүстікте жаңбыр жауып, соңы бұршаққа ұласып, жел күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады", - делінген хабарламада.