Синоптиктер 5, 6 және 7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазгидромет мәліметінше, демалыс күндері циклон, Жерорта теңізінен ауысып, елдің көп бөлігіне ылғал қорын әкеледі.
"Осыған байланысты негізінен жаңбыр түрінде - 5 наурызда батыста және оңтүстік жартыда, 6 наурызда елдің солтүстік жартысы мен орталығында, қар мен жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік бөлігінде бұрқасын болады деп болжанған", - делінген хабарлмада.