13 қаз, 2021 сағат 11:44

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды


Алан Құрманғалиев Оманда үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлемдік үстел теннисінің (WTT) жасөспірімдер кезеңі бойынша өткен бәсекеде отандасымыз алтын және күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Атап айтқанда, 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында күміс медальға ие болса, 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында топ жарып, үздік атанды.

Айта кетерлігі, жарысқа барлығы 17 елден спортшы қатысты.