22 мау, 2022 сағат 16:19

Алакөлде пойыздың астынан өтіп жатқан туристер видеоға түсіп қалды


Жалаңашкөл станциясынан түскен туристердің жүк пойызының астынан өтіп жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалаңашкөл станциясында жүк пойызы техникалық тұраққа жеткізілген еді. Пойыз жолаушылары қауіпсіздік талаптарын орындап, теміржолдан тиісті ереже бойынша өтуі керек. Сондықтан вагондардың астынан немесе тіркемелердің үстіне өрмелеп шығып өтуге болмайды. Қауіпсіздік ережесін елемеудің салдары қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін», - делінген «Қазақстан темур жолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінде.