
Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева вакцина қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Департамент басшысы Нұрсұлу Беркімбаева №6 Ақтөбе қалалық емханаға барып, алдымен өз денсаулығын тексертті. Қан қысымы мен дене қызуы өлшенді.
«Мен екпе қабылдадым. Жағдайым жақсы. Шағымым жоқ. Тура 21 күннен кейін, яғни, 23 ақпанда екпенің екінші компонентін қабылдаймын. Өңірде иммундау кеше басталды. Бірінші кезең бойынша дәрігерлермен қатар өзім секілді эпидемиологтар вакцина қабылдап жатыр. Ақтөбе облысына барлығы 1 мың доза жеткізілді», - деді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Ақтөбенің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері «жасыл» аймақтағы Ақтөбе жұртына әлі де бетперде тағып, антисектик қолдануды, арақашықтықты сақтауды ескертті.

