Ақтөбеде жол жиегімен жүрген жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. 37 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін сағат 00:34-те Ақтөбе қаласынан Алға ауданы Бестамақ ауылына қарай бағыт алған Volkswagen Sharan автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетеді. Сол кезде Бестамақ ауылынан Ақтөбе қаласына қарай жаяу кетіп бара жатқан 37 жастағы жүргіншіні қағып кетеді.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.