16 қаз, 2019 сағат 11:28

Ақтөбеде жас келіншектің өліміне қатысты комиссия құрылды

20 жастағы Гүлдана Нұрмағамбетованың өліміне қатысты облыстық Денсаулық сақтау басқармасы, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы комиссия құрды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Көз жұмған келіншек жеке клиникада тексеруден өтіп, ем қабылдаған. Сол күні жатыр түтікшесінің өткізу қабілеті тексерілген. Сот-медицина сараптамасының берген болжамы бойынша анафилактикалық шок алған. Қазіргі уақытта облыстық Денсаулық сақтау басқармасы, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы комиссия құрды. Нақты шешімі шыққан уақытта қосымша хабар беріледі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған келіншектің отбасына көңіл айтады», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 14 қазан күні 20 жастағы келіншек медициналық орталықта көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігімен іс қозғалды.