22 ақп, 2022 сағат 12:55

Ақтөбеде техникалық қызмет көрсету орталығындағы жарылыстан соң қылмыстық іс қозғалды


Ақтөбеде техникалық қызмет көрсету орталығындағы жарылыстан соң қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ақтөбе қаласындағы техникалық қызмет көрсету орталығында қазір үйінді астында қалған көліктерді шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасымның айтуынша, хабар түскен кезде көрші ғимараттағы күзетшінің айтуымен іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілген. Үйінді астында қалған күзетшінің орны анықталған соң денесі  шығарылды. 

«Барлығы 174 адам, 25 техника оқиға орнына келіп, жұмыс істеді. Оқиға түнде болған соң ғимарат ішінде тек күзетші ғана болған», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасар Қайрат Қасым.

Қазіргі кезде 11 автокөліктің үйінді астында қалғаны белгілі болып отыр.

«Ақтөбе облысының Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.