© Photo: ҚМА баспасөз қызметі
ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті азаматтарды кіріс алу үшін компанияға тіркелуге шақырған екі азаматқа қатысты «Sincere Systems» (S-Group) қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару ісін тергеп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылардың тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, кеңсе техникасы (ноутбуктар, ұялы телефондар, процессорлар), компанияның заңсыз қызметіне қатысты құжаттар, келісім-шарттар, жарнамалық құралдар, презентациялар тәркіленген.
"Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі" - делінген ҚМА хабарламасында.