25 мау, 2021 сағат 20:30

Ақтөбеде кәмелет жасына толмаған балалар төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды


Ақтөбе қаласында 17 жастағы бозбала пышақ жарақатын алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне 17 жастағы бозбаланың пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түсті. 

Оған өз замандасы пышақ салған. 

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оған медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы тұрақты. 

Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

«Сонымен бірге қалада 15 жастағы жасөспірімнің мұрны сынып, ауруханаға түсті. Ол үйінің жанындағы мектептің футбол алаңында ойнаған. Жанжал барысында оған бейтаныс жігіттің дене жарақатын салғаны анықталды. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы тұрақты. Көбіне бақылаусыз қалған балалар қылмысқа барады. Осыған байланысты облыстық полиция департаменті ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.