14 ақп, 2022 сағат 12:36

Ақтөбеде бірнеше жүк көлігі соқтығысты


Самара-Шымкент тасжолында төрт көлік соқтығысты. Көлік тиеген жүк көлігі жолдан шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Самара-Шымкент тасжолының 619 шақырымында 4 көлік соқтығысып қалды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, автокөлік тиеген «Рено» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі, Грузия азаматы Алматы қаласына автокөліктерді тасымалдаумен айналысады. Ол тайғақты ескермей дәл алдында өзі секілді көлік тиеп келе жатқан жүк көлігімен соқтығысады. Салдарынан жүк көліктері бағытын өзгертіп, қарсы бағытта келе жатқан «Мерседес» маркалы жүк көлігімен соқтығысты.

«Барлығы төрт көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Мерседес» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Хромтау қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.