04 ақп, 2025 сағат 11:35

Ақтөбеде 20 көшенің атауы қазақша өзгереді


Фото:sputniknews.kz

Қалалық мәслихат Ақтөбедегі «идеологиялық тұрғыдан ескірген және елеусіз қалған» көшелердің атауын өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ult.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Алдын ала ұсыныстар бойынша, қазіргі Нахимова көшесі Тоқтамыс ханның құрметіне қойылуы мүмкін. Ал Кірпіш көшесі Роза Бағланованың құрметіне, Октябрь - Сафуан Шаймерденовтің құрметіне, Станциялық көшесі Сырбай Мәуленовтің құрметіне ауысса, Местпром көшесі-Әбу Сәрсенбаевтың құрметіне өзгертілуі мүмкін. 

Сондай-ақ Белогорка елді мекені Құндызды болып өзереді. Әрі тағы оншақты көшеге жаңа атау берілуі мүмкін.