Ақтөбе облысының әкімі отставкаға кетуі туралы петицияға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Журналистер Оңдасын Оразалинмен кездесу кезінде отставкаға кетуі туралы петицияға қол жиналып жатқанына қалай қарайтынын сұрады.
"Егер билікті шабуылдар арқылы бұзу мүмкін болмаса, адамдар оған ақпараттық шабуыл жасауға тырысады. Петицияға қол қою - біз одан өткенбіз. Тіпті Астанаға барғандар да болды, бірақ кадрлық шешімдерді Мемлекет басшысы қабылдайды. Мен бұл қызметте ол қаншалықты қажет деп санаса, сонша уақыт боламын", - деді Оразалин.