Президент Ақтөбе облысындағы төтенше жағдайдың күшін жойды. Тиісті Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қаулы етемін:
"Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 738 Жарлығымен енгізілген Ақтөбе облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 16 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын", - делінген құжатта.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.