31 қаң, 2022 сағат 16:58

Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды


Самара-Шымкент тасжолында жүк және жеңіл көлік соқтығысып, бес адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 30 қаңтар күні сағат 19:20-да болды.

«Мерседес-ACTROS» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Хромтаудан Ақтөбе қаласына қарай бағыт алып, Өлке ауылы маңында метеорологиялық жағдайды ескермей, тайып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Toyota Camry-55» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Camry-55» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, тіркелді. 

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережесін мүлтіксіз сақтауға шақырады.