#
#
Бейсенбі 06/08/2020

Ақтөбе облысында пневмонияға шалдыққандар саны азайып келеді

  • 10.07.2020
  • 0
  • 214

Ақтөбе облысында 2 мыңға жуық адам өкпе қабынуы дертінен емделіп жатыр. Соңғы тәулікте 63 адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пневмония дертімен күресіп жатқан дәрігерлер де арнайы қорғаныс киімін киіп, үнемі бетперде тағып жүреді.

«Ақтөбе облысында өкпе қабынуы дертіне шалдыққандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 63 адам ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін 100-ге жуық адам тәулік сайын емдеу орындарына жеткізілетін. Облыс бойынша стационарда 1946 адам ем қабылдап жатыр. Оның 498-і - ауданда. 728 науқас амбулаторияда», - деді облыс әкімінің Денсаулық сақтау саласы жөніндегі кеңесшісі Әсет Қалиев.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы Ресейден келген мамандарды күтіп отыр. Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолданды.

«Дәрігерлерді демалысқа жіберу тәртібі қатаң бақылауда. Ауырып, емделіп шыққандар қайта жұмысқа қосылып жатыр. Қазіргі уақытта 100 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды. Оның 55-і - дәрігер. Ал 77 медицина қызметкері өкпе қабынуы дертіне шалдықты», - деді Әсет Қалиев.

 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар