Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Абай Жүсіпов тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты ІІМ басшысы таныстырды.
Абай Қуатбайұлы Жүсіпов 1978 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2003 жылдан бастап қызмет атқарады.
Орта және жоғары басшы құрамдардың әртүрлі лауазымдарында болды.
2018-2020 жылдары Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.
2020 жылғы наурыздан бастап ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментін басқарған.