27 жел, 2016 сағат 14:50

Ақтөбе әкімі тағы да отырыста ұйықтап қала жаздады

- 2016 жылы шенеуніктер дағдарыспен, сыбайлас жемқорлықпен және қала әкіміне дейін маужырататын қалың ұйқымен күресті, деп жазады «Диапазон» газеті.

Ілияс Испанов өз әкімдік қызметін өте белсенді бастады. Камера алдында зілтемір көтеріп, Ақтөбе ауыр атлетикасының болашағы бар екенін көрсетті.  Бір минуттық роликпен Ақтөбе қаласын сүюге шақырды. Бірақ, өткен айда желіде пайда болған видеода жиналыста отырған Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қалғып-мүлгіп, ұйқысын жеңуге тырысады. Сол себепті, мұндай креативті ойлар әкімді қатты шаршатады деп бағамдауға болады.

Осы оқиғадан кейін қала басшысы жиналыстарда барынша мұқият болып, сергектік танытуы тиіс еді. Алайда, желтоқсан айында мәслихат сессиясында әкімді тағы да ұйқы қысты.

Әділдік үшін Ақтөбенің өзге де ірі шенеуніктерінің ел алдында ұйықтап қалғанын атап өткен жөн. Мәселен, І.Испановтың бірінші орынбасары Жандос Байырхановты айтса болады.

Ұйқымен күрес тақырыбын жалғастыра келе, жиналыстардың бірінде шенеуніктердің ұйқы ашудың ерекше тәсілін ойлап тапқанын атап өтейік. Бердібек Сапарбаев сөз сөйлеу кезінде халық қызметшілері қымбат маркалы смартфондарынан бас алмай, instagram желісіндегі түрлі суреттерді парақтап отырды.