20 мам, 2022 сағат 16:30

Ақтауда жол талғамайтын көлік жүргізушісі жағалауға кіріп, теңізден шыға алмай қалған


Ақтауда жол талғамайтын көлік жүргізушісі жағалауға кіріп, теңізден шыға алмай қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Lexus маркалы жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жағажайға кіріп, теңіз шетінде тұрып қалған.

Артынша, арнайы техника келіп, жол талғамайтын көлікті теңізден шығарған. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алды.

Видео қайда түсірілгені туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ, көлік жүргізушісі теңіз жағалауына не үшін келгені де белгісіз.