Марк Тонер, АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы
АҚШ Ресей Қырымды аннексиялап алған соң Ресей азаматтары мен корпорацияларына қарсы салған санкцияларын сақтап қалуға ниетті деп мәлімдеді мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Марк Тонер.
Оның сөзіне қарағанда, Қырым аннексиясы үшін салынған санкциялар түбек Украинаға қайтарылмайынша жойылмайды. Ол Ресейдің Украинаның шығысындағы агрессиясы үшін салынған санкциялар "Минск келісімі толық орындалғанша күшінде қалатынын" айтты.
"Санкциялар Ресей экономикасына белгілі деңгейде әсер етіп, Мәскеуді жасаған әрекеттерінің өзі үшін кері салдары үлкен болатынын түсіндірді" деді Марк Тонер.
Тонер санкциялар Ресей әскері мен техникасының Украина территориясына кіргізілуін тоқтата алмағанын, дегенмен Ресейді жағдайды Минск келісімі аясында дипломатиялық жолмен шешу жолдарын іздеуге мәжбүрлегенін айтты.