05 қар, 2019 сағат 15:40

АҚШ пен Тайвань киберсоғыс жаттығуларын өткізіп жатыр

Тайвань шенеуніктері бір аптаға созылған киберсоғыс жаттығуларының құрбанына айналады. Жергілікті үкімет Тайваньдағы Америка институтымен бірге киберсоғыс жаттығуларын өткізіп жатыр, деп жазады ВВС.

Жаттығу жұма күнге дейін жалғасады және оның барысында үкіметтік веб сайттар мен жеке компаниялардың сайттары кибершабуылдардан қаншалықты жоғары деңгейде қорғалғаны тексеріледі.

«Көбіне Қытай Тайваньдағы негізгі кибершабуыл көзі ретінде қарастырылады. Тайваньның киберқауіпсіздік агенттігі өкілдерінің айтуынша, үкіметтік желілер айына 30 миллион шабуылға тап болады және олардың жартысы Қытайдан келеді» деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, шабуыл жасаушылар сайлау нәтижелеріне әсер етіп, инфрақұрылым мен қаржылық саудаға кесірін тигізбек болған.

Кибержаттығуларға Австралия, Индонезия және Жапония да қатысып жатыр.