
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева еліміздің шекара маңындағы аумақтарда хабар тарату желісін дамыту жұмыстарын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Биыл біздің алдымызда жүзеге асырылатын маңызды міндеттер тұр. Оның ішінде ең бастыларының бірі – мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақпараттық-идеологиялық жұмыстар», - деді Балаева министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Оның айтуынша, шекара маңындағы аумақтар бойынша тиісті жұмыстар басталды. Осыған дейін бұл тақырып өзекті болған еді.
«Шекара маңындағы аумақтарда мемлекеттік радиохабар тарату желісін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді. Радиожиіліктерге тиісті конкурс жарияланды. Басымдықты тәртіпте ақпараттық-аналитикалық бағыттағы бағдарламалар қаралатыны түсінікті», - деді ведомство басшысы.
