Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр-Киевка» тас жолында екі көлік бетпе бет соқтығысып, 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты ақпанның 13-інде «Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр-Киевка» тас жолының 19 шақырымында орын алған.
«Анықталғандай, елорданың 37 жастағы тұрғыны басқарған «Јас» көлігі Қосшы қаласынан шығып, Абай көшесінің бойымен Нұр-Сұлтан қаласы бағытында жүріп келе жатқан. Осы кезде астаналық басқарған «Лада Приора» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан екі көлік бетпе бет соқтығысып, «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы (астаналықтар) оқиға орнында көз жұмды. Ал, «Јас» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақатымен елорданың медициналық мекемесіне жеткізілді», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.