Алғаш рет «Музей түні» акциясы 1997 жылы Берлинде өткізіліп, кейін халықаралық мәртебеге ие болды.
Әлемдегі 2000-ға жуық мұражай жылына бір рет музей түнін ұйымдастырады. Музей өміріне қызығушылық танытқандарға оның есігі айқара ашылмақ.
«Ақмола облысында «Музей түні» акциясы Бурабай тарихи-өлкетану мұражайынан бастау алып, содан кейін облыстың барлық 11 музейінде ай сайын бір уақытта 21.00-ден 03.00-ге дейін жалғасады», - деп хабарлайды Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы.
Музей директоры Әсемгүл Шакиеваның айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында дәстүрлі акция серпін алды. ҚР Ұлттық Архивтер «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы, Қазақстан және шетелде басып шығарылған 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы, «Қазақстанның киелі жерлері» энциклопедиясының бас редакторы Берік Абдығалыұлының топтамасынан ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басындағы ашық хаттарының «Ғасырлардан сыр сақтаған Бурабай» тақырыптық көрмесі ерекше қызығушылық тудырды.
Сонымен қатар, қонақтар XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы таңғажайып атмосферасына еніп, ретро-фотостудияның қатысушылары болды. «Бурабайдың күзгі палитрасы» фильмін тамашалап, сонымен қатар кәдесыйлар сатып алды.
Акцияның басты мақсаты - келушілерді мәдени және тарихи мұраға арналған жарқын, қызықты бағдарламамен қызықтыру. Халыққа деген жайдарылық – барша әлем «музей түнінің» негізгі ұраны.
Акцияға барлығы 528 адам қатысқан. Келушілер арасында Бурабай қаласы әкімшілігінің өкілдері, визит-орталық директоры Р.А.Адилов, Мәдениет үйі директоры Ж.Д.Нұрымова, кент тұрғындары мен демалушылары болды.