14 жел, 2017 сағат 16:44

Ақмола облысында Біржан сал ауданы пайда болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы ауданның атауын өзгертті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданын қайта атау туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы Біржан сал ауданы болып қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда. 

Біржан сал Қожағұлұлы - қазақтың әйгілі ақыны, сазгер.