05 мам, 2022 сағат 13:29

Ақмола облысында бір отбасындағы 4 адам өрттен көз жұмды


Ақмола облысында өрт салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін 5 мамырда Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр ауылында болған. 

«Ақмола облысында өрттен жас отбасы қаза тапты. Түнгі сағат 03:54-те Краснояр ауылында бірінші қабаттағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Тілсіз жауды ауыздықтауға Көкшетау қаласының №1 мамандындырылған өрт сөндіру бөлімшесі мен Садовое ауылындағы №29 өрт сөндіру бекетінің күш-құралдары жұмылдырылды», - деді ведомстводан.

Анықталғандай, өрт сөндірушілер келгенге дейін пәтердің терезесінен 58 жастағы әйел мен оның жеті жасар немересі өз бетінше эвакуацияланды.

Өртті сөндіру барысында екі ересек адам – 31 жастағы ер адамның, 29 жастағы әйел мен төрт жасар екі баланың денесі табылды.

«Өрт ауданы 50 шаршы метр болатын пәтерде болған. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Сағат 04:50-де өрт сөндірілді», - деп толықтырды ведомстводан. 

Қазір оқиға орнында сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр.