#
#
Жұма 05/03/2021

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтарға құқықтық кепілдік береді – Думан Сүлейменов

  • 21.01.2021
  • 0
  • 156

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енеді. Кодекс аясында азаматтарға қандай кепілдіктер беріледі? Ол қандай мәселелерді реттейді? ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаменті директорының орынбасары Думан Сүлейменов осы сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кодекс азаматтардың мүддесін қорғауға, оның ішінде мемлекеттік органдардың негізсіз уәжден қорғауға арналған қағидаттарды енгізетінін атап өткен жөн. Осылайша, заңнаманың барлық түсініксіз тұстары азаматтардың пайдасына шешілетін болады.

«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтардың нақты құқықтарын қорғау мәселесін реттейді. Бұл жерде әңгіме әкімшілік актілер турасында болып отыр. Әкімшілік актілер дегеніміз не? Бұл мемлекеттік органдардың нақты азаматқа қатысты шешімі. Мемлекеттік қызметтер - бұл басқарудың өте зор мән берерлік саласы. Мысалы, сіз мемлекеттен Жер кодексі бойынша өзіңізге алуға болатын 10 сотық жерді алғыңыз келеді делік. Яғни нақты сізге жер актісін беру туралы әкімдіктің шешімі әкімшілік акт болып танылады. Әкімшілік кодекс азаматтардың аталған құқықтарының қорғалуының негізгі кепілдіктерін белгілейді. Мемлекеттік органдар азаматтар құқықтарын пайдаланған кезде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіндегі белгіленген барлық міндеттеме мен принципті сақтауы керек. Бұл өте ауқымды сала. Оған мемлекеттік қызметтерді көрсету, жүргізуші куәліктерін беру, куәліктер беру - азаматтардың нақты құқықтарының қолданысына бағытталған барлық іс-шаралар кіреді», - деп түсіндірді спикер.

Азаматтардың мемлекеттік органдардан заң бойынша алуға құқығы бар иелікті талап етуге құқылы екенін ұмытпау керек. Бұл талаптар кодексте белгіленген принциптерге сәйкес күшінде болады.

«Бұл біздің құқықтық жүйедегі мүлде жаңа құжат. Қазіріг таңда мемлекеттік қызметкерлер мен судьяларды оқыту жұмыстары жүргізілуде. Кодекске сәйкес судьялар өте маңызды рөл атқарады. Себебі мемлекеттік органдардың шешімдерінің Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына сәйкестігін дәл соттар тексереді. Жеке әкімшілік соттар құрылады. Бұл соттар азаматтар мен мемлекеттік органдардың, басқа ұйымдардың арасындағы дауларды қарайды. Ендігі кезекте сот бақылауы мемлекеттік органдардың шешіміне байланысты болмақ. Мысалы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы заңға сәйкес жекелеген кәсіпкерлік субъектілеріне олардың тауарлары отандық өндірісте болатындығын растайтын сертификаттар береді. Бұл жағдайда ҰКП жаңа енгізілген кодекстің талаптарына сәйкес келеді. Олар сондай-ақ кодексте көрсетілген талаптарды орындауға мәжбүр болады «, - деді Әділет министрлігі Заңнама департаменті директорының орынбасары.

Думан Сүлейменовтің айтуынша осылайша Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтарға құқықтық кепілдік береді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар