Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Елбасы жарлығымен Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.
Атап айтсақ, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Есімов Ахметжан Смағұлұлы, «Тенгизшевройл» ЖШС менеджері, Атырау облысы Қуатов Руслан Тұржанұлы, «Жақсылық» ШҚ басшысы, Алматы облысының Жамбыл ауданы Үшкемпіров Жақсылық арнайы марапатқа ие болды.