Белгілі ақын Ақберен Елгезек Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
"Қадірлі ағайын! Елордаға оралдық. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрінің баспасөз xатшысы лауазымына тағайындалдық. Журналист әріптестеріме қолдан келген көмегімді көрсетуге даярмын", - деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.
Бұған дейін ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған болатын.
Ақберен Елгезек 1980 жылы Алматы қаласында туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы.
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қалалық ішкі саясат департаменті қоғамдық-саяси бөлімінің бас маманы маманы болып бастаған. 2003-2015 жылдары «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі президентінің кеңесшісі, Алматы қалалық ақпараттық-талдау орталығының директоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жастар бірлестіктерімен жұмыс істеу бөлімінің бастығы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры лауазымдарын атқарған. 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қоғамдық мониторинг бөлімінің бас маманы болып қызмет етіп, кейіннен ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған.
"Ұлт ақпарат"