13 қаз, 2025 сағат 10:30

Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатskls


Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды Ult.kz.

Ақорда таратқан мәлімет бойынша:

"Мемлекет басшысының өкімімен Рахметуллин Ақан Ақасұлы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", делінген хабарламада.


Ақан Рахметуллин бұл қызметті 2024 жылдың мамыр айынан бері атқарып келген.