#
#
Сейсенбі 13/04/2021

Аида Балаева жұмыс сапарымен Түркияға барды

  • 06.04.2021
  • 0
  • 356

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі жұмыс сапарымен Түркияға барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның жұмыс сапары барысында Түркия Президенті Әкімшілігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасының басшысы Фахреттин Алтунмен, Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоғлумен және дін істері басқармасының төрағасы Али Ербашпен кездесулері нәтижелі өтті. 

Іс-шаралар барысында Министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.

Практикалық салалардағы әріптестікті жандандыру перспективаларына, оның ішінде ақпарат, дін салаларының мамандарын даярлау, волонтерлік қызметті дамытудағы тәжірибе және өзара озық үлгілермен алмасуды жүзеге асыру бойынша бірқатар мәселелерге ерекше назар аударылды.

Түркияның жастар ісі және спорт министрі М.Касапоглумен кездесу барысында Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Түркия Республикасының Жастар ісі және спорт министрлігі арасында жастар саясаты саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум жасасу қажеттілігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ынтымақтастық бойынша волонтерлік қызметтегі тәжірибе алмасу көзделеді, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Аида Балаева 2021 жылғы 31 наурызда өткен Түркі кеңесінің бейресми Саммитінде мемлекет басшыларының СОVID-19 пандемиясының таралуына жол бермеу үшін бірігу және әріптестік орнату қажеттігі туралы айтқанын еске салды. Сондай-ақ ол екі елдің жастар көшбасшылары арасындағы қарым-қатынасты жандандыру алаңы саналатын – Түркі кеңесінің IV жастар фестивалінің биыл Қазақстанда өтетінін атап өтті.

Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербашпен кездесуде министр А.Балаева Түркия университеттерінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жіберуімен қазақстандық теологтарды даярлаудағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мен нығайтуға мүдделілік білдірді.

Жұмыс сапары барысында әсіресе Түркияның теледидар нарығының жетекшілерімен өткізген кездесулерге ерекше мән берілді. Атап айтқанда, "TRT" мемлекеттік теле-радиокомпаниясының басшысы Ибрахим Еренмен, Түркияның "Anadolu" ақпараттық агенттігінің басшылығымен және Стамбулдағы телесериалдар түсіру алаңының директоры Яхъей Таип Айденизмен кездесулер өтті. 

Министрлік бірлескен контент құру, оның ішінде ортақ түркі мәдениеті мен тарихын танымал ету мәселелері бойынша телевизиялық өнімдердің түрік өндірушілерімен ынтымақтастығының көлемі мен сапасын арттыруға дайын. Айта кетеу керек, "Qazaqstan" РТРК мен Түркияның "TRT" мемлекеттік теле-радиокомпаниясы арасында "Қорқыт ата" бірлескен телевизиялық жобасын құру туралы келіссөздерді бастау туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ, Түрік тарапы түсірген Қожа Ахмет Яссауи туралы телехикаяның көрсетілімі Қазақстан көрермендеріне де таяу арада көрсетілетіні белгілі болды, - делінген хабарламада.

Телевизиялық мамандардың тәжірибе алмасуы аясында Аида Балаева Түркияның жетекші мамандарын қазақстандық әріптестерін оқытуға және үйретуге шақырды. Ол бұл бағыттағы жұмысты пандемия кезіндегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғаннан кейін офлайн-форматта ұйымдастыруға болатындығын атап өтті. Министр Түркияның медиа саласы мен шығармашылық топтарының өкілдерін осы жылы іске қосылған "Turkistan" телеарнасының жобаларына қатысуға шақырды

Министр Аида Балаева Түркия Президенті Әкімшілігінің қоғаммен байланыс жөніндегі Бас басқармасының басшысы Фахреттин Алтунға шақырту үшін алғыс айтып, оны ҚР "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапаттады. Ол Қазақстан мен Түркияны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударып отырған достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

ҚР АҚДМ басшысы өзі басқаратын ведомствоның жетекшілік ететін салалары бойынша әріптестікті одан әрі дамытуға дайындығын жеткізді. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар