Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC-дегі үшінші жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Агапова бүгін колумбиялық Сабина Мазоны (9-3) қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Лас-Вегастағы UFC Fight Night 194 турнирі аясында өткен жекпе-жек үшінші раундта аяқталған.
Осы кездесу үшін Агапова 94 000 доллар алды. Оның 20 000 доллары - міндетті гонорар, 20 000 доллары жеңісі үшін және 50 000 доллар кештің үздік жекпе-жегі үшін бонус ретінде берілді. Ал қалған 4 000 долларды демеушілік бонустан алды. Бұл сома Агапованың карьерасында рекордық көлемдегі сыйақы саналады.
Ал Мазоға 31 000 доллар (25 000 доллар - міндетті гонорар, 6 000 доллар - демеушілік бонус) берілді.
1495 рет оқылды