11 там, 2022 сағат 16:35

"Әбу-Даби Плазадағы" Qazaqstan жазуы неге өшіріліп жатыр?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда "Әбу-Даби Плаза" көпфункционал кешені ғимаратындағы Qazaqstan жазуы өшіріліп жатыр. Компания әкімшілігі себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазір жазуды ғимараттың оңтүстік жағынан өшіруге кіріскенін көруге болады.

"Qazaqstan жапсырмасы бір жыл бұрын жапсырылған, қазір материал жарамсыз болып қалды. Осыған байланысты жапсырманы демонтаждап жатырмыз. Мұндай көлемдегі жапсырмаларға бірнеше күн кетеді (сондай-ақ мұндай материалдарды орнату да бірнеше күнді алады)", - деді "Әбу-Даби Плаза" PR бөлімі өкілдері.

Qazaqstan жапсырмасы Нұр-Сұлтандағы ең биік ғимаратта 2021 жылдың маусымында пайда болған еді.