#
#
Сейсенбі 01/12/2020

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті

  • 21.10.2020
  • 0
  • 829

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен онлайн форматта әдебиет және өнер саласы бойынша 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Комиссия отырысында әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша байқаудың екінші кезеңіне өткен 11 жұмыс қаралды. 

Отандық шығармашылық зиялы қауым өкілдерінен құрылған Комиссия мүшелері конкурстың екінші кезеңіне өткен шығармалардың қоғамда талқылану барысы жөніндегі Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың ақпаратын тыңдады.

Комиссия жасырын дауыс беру арқылы әдебиет және өнер саласы бойынша 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығын иеленетін үміткерлерді анықтады. Олардың тізімі Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын болады.

Дәстүр бойынша Мемлекеттік сыйлықтың иегерлерін марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар