Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев "Ирина Кайратовна" тобының танымал ресейлік блогер Юрий Дудьке берген сұхбатына қатысты пікір білдірді.
"Ашық диалог 2.0" жобасына келген Абаев сұхбатты толық емес, жартылай көргенін айтты.
"ИК" тобының жігіттерін өз елінің патриоты деп санайсыз ба деген сауалға Абаев "иә" деп жауап берді.
- Алайда олар билікті қатты сынады. Осыған қатысты не ойлайсыз? – деп сұрады жүргізуші Александр Трухачев.
Сондай-ақ Абаев жекелеген пікірлер өте өткір болып көрінуі мүмкін екенін атап өтті. Бірақ уақыт барлығын өз орнына қояды, деді ол.
Сонымен қатар ПӘ басшысының орынбасары әлі де журналистермен кездесуге және олардың сұрақтарына жауап беруге дайын екенін жеткізді. Сөзінің соңында ол бағдарламаның толық нұсқасы интернетке жарияланатынын айтты. Бірақ мерзімін нақты атаған жоқ.
«Біз бұқаралық ақпарат құралдарына әрдайым ашықпыз. Тағы бір нәрсе, мені қазір ешқайда шақырмайды, мүмкін сұхбаттың болмауы осыған байланысты шығар. Бірақ Президент әкімшілігіндегі жұмыстың сипаты үкіметтен біршама ерекшеленетінін жоққа шығару ақымақтық болар еді. Алайда, сауалдар туындап жаста, оның ішінде журналистер тарапынан болса, мен өз құзыретімнің шеңберінде сұрақтарға жауап беруге дайынмын», - деп түйіндеді Дәурен Абаев.
Абаев қатысқан жоба әлеуметтік желілерде жарық көрді. Жүргізуші Александр Трухачев "Дәурен Абаевпен ашық диалог" телебағдарламасының кезекті маусымы аяқталғаннан кейін бір жылдан соң жоба жаңа форматта көрермендерге жол тартқанын мәлімдеді. Енді оны тек интернеттен көруге болады, бірақ алаңда сол бұрынғыдай өзекті мәселелер қозғалады.
"Шоу Ирины Кайратовны" жобасы 2017 жылы шыға басталды. Топ қатысушылары алдымен скетчтер түсірді. Кейінірек рэп-музыка жазуға кірісті. "ИК" бейнеклиптері әлеуметтік желіде өте көп көрілім жинап, көрермендердің оң бағасын алып жүр.
Айта кетейік, бұған дейін ресейлік танымал журналист, видеоблогер, 9,13 миллион жазылушысы бар YouTube-арнасының жүргізушісі һәм авторы Юрий Дудь қазақстандық "Ирина Кайратовна" тобымен екі сағаттық сұхбат жасады.
Сұхбат барысында «Борат» фильмі, елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық, Қазақстан мен Ресейге ортақ проблемалар һәм саяси тақырыптар жайында әңгіме қозғалды.