10 ақп, 2023 сағат 11:58

«7-20-25» бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғасады

Фото: inform.kz

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында «7-20-25» бағдарламасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылы 7 бағдарламаның 5-ін қаржыландыру тоқтатылды. Аяқталған бағдарламалардың бюджеті 2,6 трлн теңге құрды. Болашақта тағы 2 бағдарлама аяқталады деп күтілуде, олар «7-20-25» бағдарламасы және импортты алмастыруға және жаңа өндірістер құруға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы». Алайда түрлі жағдайлар ескеріліп бағдарлама 2023 жылдың соңына дейін жұмыс істейді», - делінген Ғалымжан Пірматовтың жауабында. 

Осы жауапқа орай ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық банкке хабарласып, «7-20-25» бағдарламасының нақты қай уақытқа дейін жалғасатынын сұраған.

Банктің хабарлауынша, мемлекеттік «7-20-25» бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғаспақ.

Жалпы Ұлттық банк болашақта мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үлесін төмендетпек.

«2021 жылы 7 бағдарламаның 5-ін қаржыландыру тоқтатылды. Аяқталған бағдарламалардың бюджеті 2,6 трлн теңгені құрады», - деп жазады Ғалымжан Пірматов.