04 ақп, 2019 сағат 12:59

5-7 ақпанда елімізде сарышұнақ аяз болады

Синоптиктер 5-7 ақпандағы ауа райына арналған болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Жайық аймағынан жылжып келе жатқан атмосфералық ағындардың және Қазақстанның басым бөлігіндегі оңтүстік циклонның салдарынан елімізде қар жауады, бұрқасын, күшті жел соғады, оңтүстік облыстарында тұман және көктайғақ күтіледі. Бірақ қар жауған соң Кар теңізінде орналасқан антициклонға байланысты Қазақстанға арктикалық ауа массалары таралып, республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 35...45°С қатты аяз болады. Оңтүстік өңірлерге де суық келіп жетіп, мұнда ауа температурасы кей жерлерде минус 22...30°С дейін төмендейді», делінген хабарламада.