
25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Tелеграм каналында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Іс-шараға түрлі өңір қосылып, онлайн форматта өтеді. Отырыс барысында бұрын айтылған ұсыныстарды, сондай-ақ бірқатар жаңа бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланады», - деді Қарин.
Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық кеңестің бесінші отырысы ақпанда өтетіндігін хабарлаған болатынбыз. Жаңартылған Мәжіліс құрамында Ұлттық кеңестің 9 мүшесі бар. Өткен жылы 22 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтті.
