26 қаң, 2021 сағат 09:18

2025 жылға дейін 3 561 ауыл жаңғыртылады

Биыл 480 ауыл жаңғыртылатын болады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Ауылдық инфрақұрылымды жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асырылуда. Биыл 480 ауыл жаңғыртылатын болады», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, 2021 жылы аталған жобаны негізінен Түркістан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары қарқынмен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«2025 жылға дейін 3 561 ауыл жаңғыртылатын болады. Бұл ауылдық жерлердегі өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторына айналады», - деді Асқар Мамин.